2015 жылғы 19 желтоқсан, Алматы қаласы
«Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең аз мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы №137 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. «Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең аз мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8591 тіркелген, 2013 жылғы 6 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 134 (2335) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең төмен мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Динамикалық резервтің ең төмен мөлшері Қағидалардың 2-тармағына сәйкес және күтілетін шығындардың мөлшері Қағидалардың 3-тармағына сәйкес белгіленсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидалардың 2-2-тармағында өзгесі белгіленбесе, есепті тоқсан соңындағы динамикалық резервтің мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
ДРс = ДРс-1 + (КШ - АПШ),
мұндағы:
ДРс - есепті тоқсанның соңындағы динамикалық резерв;
ДРс-1 - алдыңғы есепті тоқсанның соңындағы динамикалық резерв. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша динамикалық резерв нөлге тең;
КШ - есепті тоқсандағы күтілетін шығындар;
АПШ - «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі 106-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған, резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістерді шегергендегі есепті тоқсандағы резервтерге ассигнациялау.
Резервтерге ассигнациялау - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қарыздарға резервтер құруға арналған шығыстар.
Резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістер - резервтердің азаюы қарызды баланстан есептен шығару нәтижесінде болатын жағдайда қоспағанда, қарыздарға бұрын құрылған резервтер сомасының азаюы нәтижесінде туындаған кіріс.
Салық салу мақсаттары үшін динамикалық резервтің мөлшері есепті салық кезеңінің соңында айқындалған динамикалық резервтің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңында айқындалған динамикалық резервтің мөлшері арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
Динамикалық резервтің ең төмен мөлшері нөлден кем болмайды.»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Динамикалық резервтің мөлшері былайша айқындалады:
1) 2014 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсан соңындағы динамикалық резерв Қағидалардың 2-тармағына сәйкес формула бойынша есептелген 2013 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резерв мөлшерінде айқындалады.
2014 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резервті есептеу мақсаттары үшін Қағидалардың 2-тармағына сәйкес айқындалған АПШ көрсеткішінің мәні 2013 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсан соңындағы динамикалық резервті есептеу кезінде егер АПШ-тың мәні теріс болған жағдайда, нөлге тең болып танылады;
2) 2015 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсан соңындағы динамикалық резерв осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген 2014 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резерв мөлшерінде айқындалады;
3) 2016 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсан соңындағы динамикалық резерв осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес есептелген 2015 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резерв мөлшерінде айқындалады.».
2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Осы қаулының 1-тармағының сегізінші, он сегізінші – жиырма үшінші абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қағидалардың 2-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есепті тоқсан соңындағы динамикалық резервтің мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:».
Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Б. Сұлтанов _______________
2015 жылғы 31 желтоқсан
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 3 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13000 болып енгізілді.